Еркекқамыс
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Penstemon erianthus.jpg
Еркекқамыс
Еркекқамыс (Erіanthus) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Жерорта теңізі жағалауларында, Азия мен Африканың тропиктік және субтропиктік аймақтарында тараған 25-ке жуық түрі белгілі. Қазақстанда өзен, көл, арық бойларында өсетін 1 түрі – қызарғыш Е. (Е. purpurascens) бар. Биіктігі 3 м-дей, тамырсабағы жуан, шым құрайды. Сабағы қатты, іші қуыс. Жапырақтарының жалпақтығы 15 мм, тамыр жапырақтарының ұзындығы 1 м-дей, шеті бұдыр. Гүлдері ірі сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Сабағы мен жапырағынан себет, жүк орағыш (цыновка), жіп тоқиды. Үйдің төбесін жабуға, отын ретінде пайдаланылады.
<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />