Еркеболат Бекмұхамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекмұхамбетов Еркеболат (1897, Ақмола – 1981, Алматы) — техн. ғыл. канд. (1965). 1916 ж. Ақмола уезі Қорғалжын болысы бойынша ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан. 1929 ж. Ленинград жоғары кооп. курсын, КОКП Ауыр өнеркәсіп халық комиссариатының Өнеркәсіп академиясын (Свердловск, 1936) бітірген. 1909 ж. Ақмолада әртүрлі жұмыстарда, кейіннен тау-кен өнеркәсіптерінде жұмысшы болған (1913 — 16). 1916 ж. өз еркінсіз қара жұмысқа алынады, 1917 ж. одан қашып шығып, Ақмола қ-на қайтып келіп «Жас қазақ» жастар ұйымына кіреді. «Тіршілік» газетін шығаруға және таратуға ат салысқаны үшін 3 рет жауапқа тартылады. Қорғалжын болысында, Ақмолада, Петропавлда мұғалім (1918 — 30), Алматы және Жаркент қ-ларында партиялық қызметте (1930 — 33) Риддер қ-ндағы металлургия з-тында аға металлург және партия к-тінің хатшысы (1937) болған. Сол жылы қуғын-сүргінге ұшырап, қамауға алынып, 1939 ж. босатылады. 1944 жылға дейін Алматы және Қарағанды қ-ларында шаруашылық жұмыстарында болған. Ақмола облысы атқару к-ті төрағасының орынбасары (1944 — 45); Шымкент және Алматы қ-ларында шаруашылық жұмыстарда (1945 — 49), 1962 жылға дейін Қазақ ҒА-ның Төралқасында қызметте болған. 1963 ж. зейнеткерлік демалысқа шыққан. «Қазақстанның революцияға дейінгі тау-кен ісі және түсті металлургиясы» (Алматы, 1964) монографиясының, «Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері» (Алматы, 1977), «Орысша — қазақша политехникалық сөздік» (Алматы, 1979, телавтор) кітаптарының авторы.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еркеболат Бекмұхамбетов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}