Еркебай Мергенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркебай Мергенбаев (20. 1. 1946 жылы туған Қарақалпақстан, Төрткүл ауданы, Амаоба ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1982), доцент. Қарақалпақ мемлекеттік университетін (1968), ҚазҰУ-дың филология факультетін бітірген (1975). 1975— 1978 ж. Беруни ауданы Э. Тельман орта мектебінде қазақ және неміс тілінің мұғалімі. 1978-1990 ж. Нүкіс мемлекеттік университетінде аға оқытушы, доцент. 1990-1992 ж. филология факультетінің деканы, 1994 жылдан Ажинияз атындағы Нүкіс мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі. ҚазКСР ғылым академиясының корреспондент-мүшесі М. Балақаевтың жетекшілігімен "Меңгеру арқылы жасалған есім сөз тіркестерінің семантика-структуралық типтері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 30-дан астам мақала авторы.

Шығармалары:

  • Семантико-структурные типы именных словосочетаний, образованных способом управления (тюркские языки). АКД., А., 1982;
  • Контрольно-тренировочные упражнения пo казахскому языку. Нукус, 1983;
  • Методические рекомендации пo написанию дипломных работ. Нукус, 1984(авт. бірі);
  • Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі. А., 1991;
  • Вопросы синтаксиса словосочетаний в тюркских языках. Нукус, 1993 (авт. бірі);
  • Туркий тиллердеги созозгериу системасы. Нукус, 1994;
  • Түркі тілдеріндегі сөзөзгерім жүйесі (қазақ, қарақалпақ және өзбек әдеби тілдері негізінде). АДД-, А., 1995.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}