Ержан Әшімұлы Сүлеймен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ержан Әшімұлы Сүлеймен - 1962 жылы 22 қазанда Семей облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында туған. Қазақ. Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1984), мал дәрігері. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2002 жылдан).

  • 1984 жылдан - Семей облысы Абай ауданының «Бірлік» кеңшарында мал дәрігері.
  • 1986 жылдан - Семей облысы Абай ауданы Ж. Молдағалиев атындағы кеңшарының бас мал дәрігері.
  • 1990 жылдан - Семей облысы Абай аудандық Ауыл шаруашылық басқармасының инспекторы, бастығы.
  • 1999 жылдан - ШҚО Абай ауданы әкімінің орынбасары.
  • 2009 жылдың наурызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі.

Әскери атағы - майор.

Діни көзқарасы - діндар, ислам дінін ұстанады.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан дамыған индустриялық-инновациялық кешені бар демократиялық құқықтық мемлекетке айналады». Хоббиі - спорт, музыка.

Үйленген. Жұбайы - Қасымбекова Сара Қоңыратбекқызы (1962 жылы туған), Шығыс Қазақстан облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры. Қызы - Сүлейменова Жанна Ержанқызы (1986 жылы туған); Ұлдары - Сүлейменов Думан Ержанұлы (1987 жылы туған), Ержанұлы Дастан (1996 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub