Ерейментау қорықшасы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ерейментау қорықшасы , Ақмола облысы Ерейментау ауданында Респеспубликалық маңызы бар, 1986 ж. ұйымдастырылған. Жер аумағы 35 мың га. Қорықша табиғаты әсем таулы өлкеде, Ерейментау таулы алқабында орналасқан. Ерейментау қорықшасында көне дәуірлерден осы уақытқа дейін сақталып қалған реликт өсімдіктердің алуан түрлері өседі. Өсімдіктердің 400-дей түрінің 50-ге жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысалы, жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі, т.б. Қорықшада негізінен жан-жануарлар дүниесі қорғалады. Арқар, елік, дала суыры, ақ қоян сияқты бағалы аңдармен қатар 150-ге жуық құстардың түрлері бар. Онда Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген хайуанаттардан: арқар, безгелдек, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дуадақ, ақбас тырна, дала қыраны, лашын, т.б. мекендейді.

<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub