Ерден Нығметұлы Әзірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерден Нығметұлы Әзірбаев (12.7.1912, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Сайқын станция – 14. 1.1975, Алматы қаласы) – химикалық ғылымның докторы (1961), профессор (1962), Қазақстан Ғылым Академиясының корресподент мүшесі (1962), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1969). Саратов университетін (1933), Ленинград университетінің аспирантурасын (1937–1940) бітірген. 1933–1934 жылы Саратов крекинг зауытында, 1934–1935 жылы Орал педагогикалық институтында жұмыс істеп, осында химикалық кафедрасын ұйымдастырды. 1935 жылдан ҚазМУ-да (қазіргі ҚазҰУ) ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі, декан (1940–1954), 1954–1958 және 1964–1975 жылы Химикалық ғылымдары институтында лаборатория, бөлім меңгерушісі болды. 1958–1964 жылы Қазақстан Ғылым Академиясының Химия-металлургия институтының директоры қызметін атқарды. Негізгі ғылыми еңбектері көмір, мұнай, ацетилен, органикалық қосылыстар, изиол. активті заттар химиясына, нәзік органикалық қосылыстар синтезіне арналған. Әзірбаев органика синтез саласында ацетиленнің жаңа туындыларын және оның изомерлерін зерттеді. Алғаш Қарағанды көмірінен кокс алу мүмкіндігін анықтады. Медицинада ісікке карсы қолданылатын «Глиофен», ауыл шаруашылықтында өсімдік өсуін тездететін «Акпинол», «Фоспинол» препараттарын тапты. 81 авторлық куәлік алған. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» (1945) ордендерімен және медальдармен марапатталған. <ref name=source1>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерден Нығметұлы Әзірбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}