Ергенек

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу


Ергенек– киіз үй есігінің алдына қойылатын тосқауыл, есік бастырғыш. Екі таяныш немесе жақтау ағашты қашаумен тесіп, жиілігін 10 – 15 см етіп жіңішке шабақ өткізіп жасайды. Биіктігі 1 – 1,5 м-дей болады. Үйге мал не ит кіріп кетпеуі үшін пайдаланады. Бір жағын есіктің бір босағасына байлап, киіз үйдің шиден, киізден жасалған есігінің сыртынан бастырады. Оның екінші жақтауын екінші босағаға байлап бекітеді немесе құрдан, жіптен, қайыстан жасалған бауға іліп қояды.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub