Ербол Ердембекұлы Тілешов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тілешов Ербол Ердембекұлы 1965 жылы Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетін 1992 жылы бітірген. Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры. Филология ғылымдарының кандидаты. «Суреткер және көркемдік әдіс» монографиясының, Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабаев шығармашылығына, Алаш әдебиетіне қатысты мақалалардың авторы, «Алаш қайраткерлері» библиографиялык көрсеткіші және «Алаш және Әуезов» жинағының құрастырушысы. 1996-1999 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының дарынды жас ғалымдарға берілетін арнаулы стипендиясына ие болды.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>
Дереккөздер
<references/>