Ерболат Төлепбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Дүниежүзілік өнер астанасы саналатын Париж қаласында қазақтың белгілі суретшісі Ерболат Төлепбай<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref> атағы әлемге әйгілі қылқалам шебері Сальвадор Далидің шығармаларымен бірге арнайы көрме өткізді. Мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның мәдени өміріндегі елеулі оқиға болды. Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы өз елімізде кеңінен мәлім әрі жоғары бағаланады. Ол — Қазақстан Республикасының өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. Қазақстан меценаттары клубының "Платина Тарлан" атты мәртебелі сыйлығының иегері. Оның салған суреттерімен ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің көрермендері әбден таныс. Бүған дәлел ретінде Ерболат Төлепбайдың Мәскеу қаласындағы Третьяков галереясында, Бішкек қаласындағы бейнелеу өнері мұражайындағы, Прага қаласындағы көркемсурет орталығында зор табыспен өткен дербес көрмелерінен соң оған Ресей Федерациясы көркемсурет академиясының академигі, Қырғыз көркемсурет академиясының академигі, Чехия көркемсурет академиясының академигі атағы берілді.

Сальвадор Далидің сюрреализм дәстүрінен қоя бастаған Ерболат Төлепбайды бір кезде дуалы ауыздардың бірі "қазақтың сюрреалисі" деп атаған еді. Сол сөз айна қатесіз дәл келді. Расында да, Ерболат Төлепбай шығармашылығында көптеген параметрлер бойынша Сальвадор Далимен іштей диалог жүріп жатады. Оны "Қалага келген жаңа бала" (Қонақтар), 1981 жыл, "Алыс ауылдағы жайылымнан оралу", 1982 жыл, "Балкон", "1987 жыл" сияқты туындыларынан да байқауға болады. Оның кейіпкерлерінің қай-қайсысы да өздерінің іштей жалғыздығын жоғары бағалап, оны көзінің қарашығындай сақтауға үмтылатын сияқты. Сондықтан да олар өзгелермен ашықтан-ашық байланысқа шығуды ұнатпайды. Иә, Ерболат Төлепбайдың соңғы кездегі туындыларынан адамның жан дүниесі бір-біріне бірте-бірте жүйелі түрде жақындай түсетін жүрек тебірентерлік көріністерді байқаймыз. Ал мұның өзінен адам өмірін түсінудің өзі баға жетпес қымбат қазына болып табылады деген идея туындайды. Суретші осының бәрін де сиқырлы сызықтармен бұлыңғыр бейнелердің ырғақты қимылдарын жеріне жеткізе ойнатуы, қарама-қарсы түстермен құбылта құлпыртудың тиімді тәсілдері арқылы жеткізеді. Сөйтіп, бейнелеу өнерінің өзіне тән тамаша тілімен айтып бере алады. Парижде өткен көрмеде Ерболат Төлепбай кескіндемесінен айқын аңғарылған бір нәрсе — ырғақты әсем көріністерді кеңінен пайдалануға деген жан-жақты ізденгіштігі. Оның осы қасиеті адам мен сыртқы дүние арасын ажыратып тұратын шекті жойып жіберуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, оның туындыларындағы бейнеленетін бірегей жан дүниесі сыртқы дүние болмысының шетсіз-шексіз кеңістігімен емін-еркін әрі мейлінше табиғи тәсілмен үштасып шыға келеді. Мұның өзін суретшінің соңғы онжылдықтағы тамаша табыстарының бірі деуге болады. Еуропа мәдениетінің бай тәжірибесін зерттеп, өзінше жинақтау мен азиялықтардың жан дүниесінің тылсым сырларына терең үңілу, еуропалық психоанализдің нәзік түстары мен кешегі көшпенділердің бүгінгі ұрпағының дүние танымын шебер ұштастырудың Ерболат Төлепбай шығармашылығындағы ғажайып үлгісі француз көрермендерін тамсандырмай қоймады. Шынында да оның Фрейдтің дарынды шәкірті саналатын Сальвадор Далидің психоанализінен үйренгені аз емес, сол арқылы адам жанына терең үңіліп, оны дүрыс түсіне білудің әлдебір өлшемін тапқаны анық. Сонымен қатар ол нақты өмір шындығын қазақтардың қалай қабылдап, қалай бейнелей алатын тәсілін де жете меңгерген.

Ерболат Төлепбайдың кескіндеме туындылары — Қазақстанның соңғы он жылдағы көркемсурет мәдениеті саласында пайда болған бірден-бір әрі бірегей құбылыс. Қазіргі заманның ұлтымыздың, халқымыздың өміріне ала келген ғаламат өзгерістерін жинақтап көрсетуге талпыну — суретшінің алдына қойған мақсаты. Жан мен тәннің рух пен материяның өзара байланысы мен қарым-қатынасы оның шығармаларында ұлттық деңгейде талданады деуге болады. Адам, оның ұлылығы мен мүсәпірлігі, оның қарапайымдылығы мен күрделілігі, үміті мен сенімі, шаршап-шалдығып қажып біткендігі, жападан- жалғыздығы, табиғатқа тікелей қатыстылығы мен одан қол үзіп қалуы — міне, Ерболат Төлепбай туындыларындағы экзистенциалды проблема тақырыбы осындай. Ол нақты өмір шындығын қаз-қалпында көре біледі, оған әрі нәзік махаббат, әрі қатал сын тұрғысынан қарап, өз туындыларын поэтикалық деңгейге дейін көтереді, өнердегі жарасымды жаңа үйлесімді қалыптастыру идеясын ұсынады. Ол идея адам мен ұлт арасындағы жоғалтып алған қыруар қазынамызды қалпына келтіруді қамтиды. Соның өзінде ол өзіміздің ең басты байлығымызды — тап-таза жан дүниемізді жоғалтып алмай, аман сақтап қалғанымызды ұдайы есімізге салып отырады. Оның сезімге толы күш-қуаты бар туындылары философиялық терең толғаныстарға да, адамға тән құмарлық пен қүштарлыққа да бай. Сондықтан да ол қазақтың қазіргі көркемсурет өнерін қалыптастыруда жетекші рөл атқарып келеді. Қазақстан, оның мәдениеті мен өнері Ерболат Төлепбай сияқты көрнекті суретшілердің арқасында дүниежүзілік мөдениет кеңістігінен өзінің лайықты орнын ала бастады.

Сөз соңында айта кететін бір маңызды мәселе — Парижде қазақ суретшісі Ерболат Төлепбайға Сальвадор Дали атындағы Халықаралық альянс сыйлығының берілуі. Мұның өзі суретші туындыларының әлемдік деңгейде танылғанын көрсетеді.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub