Ербатыр Қасембайұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography Ахметов Ербатыр Қасембайұлы - 1961 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Сарытомар ауылында туған. Қазақ.

Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу жерге орналастыру инженерлері институтын (1989) жерге орналастырушы-инженер мамандығы бойынша; «Фемида» заң академиясын (2006) заңгер мамандығы бойынша бітірген.

1979 жылдың қыркүйегінен қазанына дейін - «Молодежный» кеңшарының жүмысшысы. 1979 жылдың қарашасынан 1981 жылдың қарашасына дейін - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1982 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін - СҚО Булаев агротехникалық кәсіпорынының шәкірті, жүргізушісі. 1982 жылдың қазанынан - «Молодежный» кеңшарының жұмысшысы, 1983 жылдың наурызынан - токары. 1983 жылдың қарашасынан - Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу жерге орналастыру инженерлері институтының дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1984 жылдан - студенті. 1989 жылдан - «Целингипрожер» Көкшетау бөлімшесінің инженері. 1992 жылдың мамырынан - Көкшетау облыстық Жер қатынастары және жерге орналастыру комитетінің аға маманы, 1992 жылдың қыркүйегінен - жетекші маманы. 1993 жылдан - «Көкшетау Жер» ШМК директоры. 1996 жылдан - «Жер» ЖШС директоры. 2000 жылдан - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі жерлерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы. 2001 жылдан - Ақмола облыстық Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі Ақмола облысы Аймақтық басқармасы бастығының орынбасары. 2008 жылдан - Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана қаласы бойынша Аймақаралық жер инспекциясының Ақмола облысы бойынша жерлерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы.

2009 жылдың наурызынан бері - Ақмола облысы Жер қатынастары басқармасының бастығы.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған (2005).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub