Ералхан Әлмаханұлы Әбішев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ералхан Әлмаханұлы Әбішев (24.1.1961 жылы туған, Шардара ауданы, Көксу ауылы) – әнші. Орта мектепті Келес ауданындағы «Бірлік» кеңшарында бітірген. 1978 жылы Алматы музыка училищесінің, ал 1984 – 1989 жылдары Құрманғазы атындағы консерваторияның ән бөлімінде оқыды. Одан соң Шымкенттегі Мәдениет институтында эстрада оркестрінің дирижері мамандығы бойынша білімін жетілдірді. Осы жылдар аралығында «Досмұқасан», «Алматы Варьетесі», «Гүлдер» және «Алтын дән» ансамбльдерінде әнші болып өнер көрсетті. 1991 – 1997 жылдары Білім министрлігінің Республикалық мәдениет үйінде бас дирижер, көркемдік жетекшісі әрі директоры болып қызмет етті. 1995 – 2003 жылдары «Тамаша» ойын-сауық отауында әнші, бұдан кейін «Күлкі керуені» әзіл-сықақ театрының әншісі әрі продюсері болды. 2003 жылдан бастап Әбішев өзінің жеке бағдарламасын жасап, көптеген байқауларға қатысты. Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты (1985), сол жылы Бүкілодақтық студент-жастар конкурсының жеңімпазы болды. 1990 жылы Мәскеудегі Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінде өткен студент жастар өнерінің фестивалінде, 1993 жылы Түркияда халық музыкасы мен билерінің фестивалінде лауреат атанды.<ref>Оңтүстік Қазақстан обылысының энциклопедиясы</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}