Емшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Паракариум (Paracaryum) – айлауықтар тұқымдасына жататын бір, екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда шөлді, таулы аймақтардың тасты, тастақты беткейлерінде, батпақты, құмды жерлерінде өсетін 4 түрі (Бунге Емшөпі, қаратау Емшөпі, Орталық Емшөп, тасшыл Емшөп) бар. Бұлардың биікт. 5 – 20 см, тамыры жуан, жертағандап өседі. Жапырақтары ұзынша, сабақ бойындағылары түкті. Тостағанша жапырақтары 5 бөлікті, күлте иілмесі күлгін көк, көкшіл түсті. Аталығы қысқа жіпті, аналық мойны қысқа. Сәуір – маусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. Жемісі – жаңғақша. Қаратау Емшөпі өте сирек кездесетін эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Емшөп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}