Ементоғай бөденешөбі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Ементоғай бөденешөбі (Үлгі:Lang-la) — Бақажапырақ тұқымдасына жататын бөденешөптер (Үлгі:Lang-la) туысының көпжылдық шөптес өсімдігі.

Ол құрғақ шабындықтарда, бұталар арасында, орман алаңқайларында тек Қазақстан Республиканың солтүстік шетінде және Алтай таулары мен Жоңғар және Іле Алатауында өседі. Бұл көпжылдық өсімдіктің биіктігі 30-42 см-ге дейін жіңішке басқа бөдене шөптерден айырмашылығы екіден қатарласып тік, сабағын бойлай өседі. Жапырағы да үлпілдеген, дөңгеленген, жиегі тісті, сабаққа жұптаса қарама-қарсы орналасқан. Әрбір екі жұп айқаса орналасқан, олай болса олар бір-бірін көлеңкелемейді. Басқа бөдене шөптермен салыстырғанда гүлдері көрнекті. Олар едәуір қомақты, 1,5см-ге дейін, көкшіл қою жолақты әдемі түске боялған. Отырыңқы босаң гүлшоғырына жиналған, олар алыстаан көзге түседі және көп жәндіктерді өзіне тартады. Мысалы, аралар мен қоңыздар. Едәуір ашық түсті төрт қабатты сыпыртқының ортасы гүл түтігінің тереңінен бөлінетін шырынға баратын жол көрсеткіші қызметін атқарады.

Қауашағы өте ұсақ, көп тұқымды. Құрғақ күндері жетілген қауашақтары жабық, ал жаңбырлы күндері су болады, ашылады. Тұқым жаңбырмен тез шайылады, және су тоспалары арқылы тарайды. Бөденшөптің жер үсті бөлігі халықтың медицинада, жараны емдеуге, терлететін, тыныс жолдары және өкпе аурулары, организмді әлдендіруге қолданады.<ref>Қазақстанның өсімдіктер әлемі, А.А. Иващенко, Алматыкітап баспасы 2008</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер