Елшібек батыр
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Елшібек батыр (туған-өлген жылы белгісіз) — 18 ғасырда өмір сүрген қазақ батыры. Ұлы жүздің құрамындағы сіргелі руының тутаңбалы атасынан шыққан. 18 ғасырда жоңғар қалмақтарына қарсы күресте ерлігімен көзге түскен. Елшібек батыр туралы ел арасына таралған әңгіме-жырлар көп. Сондай әңгіменің бірі — кезінде Ш. Уәлиханов ел аузынан жазып алған “Елшібек туралы әңгіме”. Ол әңгімеде Абылай ханның қалмақтармен болған бір соғысында Елшібек батырдың жауға қарсы жасқанбай жалғыз шапқан ерлігі, батылдығы туралы айтылған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub Үлгі:Wikify