Елизавета Болеславовна Кручинина-Рутковская

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кручинина-рутковская (қыз күніндегі фамилиясы Пржибыльская) Елизавета Болеславовна (1895, Ресей, Екатеринбург – 22.5. 1961, Алматы) – актриса (1943; 1938 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген артісі). Екатеринбургте қыздар гимназиясын бітірді. Сахналық жолын 1912 жылы осындағы орыс актері әрі антрепренері П.П. Медведевтің труппасынан бастады. Бұдан кейін ол Латвия (Рига), Ресей (Иркутск, Омбы, Ярославль, Пермь, Томск), Белоруссия (Ленинск, Витебск; 1915 – 30), Қырғызстан (Фрунзе, 1931 – 33) қалаларындағы орыс драма театрларында қызмет етіп, шет ел және орыс классик. драматургиясынан Мария Стюарт, Луиза, Амалия (И.Ф. Шиллердің “Мария Стюарт, “Зұлымдық пен махаббат” және “Қарақшыларында”), Катерина, Аннушка, Кручинина (А.Н. Островскийдің “Найзағай”, “Думанды жер” мен “Жазықсыз жапа шеккендерінде”) сияқты рөлдерді орындады. 1933 жылдан өмірінің соңына дейін Алматыдағы акад. орыс драма театрының труппасында ойнады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}