Елеуов Көшен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЕЛЕУОВ Көшен (27.4.1892, Қарағанды облысы Қарқаралы ауд. Бесобаа. - 3.9.1971, сонда)- ақын. 1916 ж. қара жұмысқа алынып, Ресейдің батыс шекарасында болады. 1917 - 27 ж. Қызыл Ту ауылдық кеңесінің төраға орынбасары, төрағасы қызметін аткарған. 1938 ж. Алматыда Қазақстан Жазушылар одағының халық ақындарына арнап ашқан қысқа мерзімді курсында оқыған. Елеуов өлеңдерін жазып та, ауызша да шығарган. "Елге сәлем" (1916), "Туысканға", (1927), "Торғайға тарату" (1941), "Жас батыр" (1944), "Қандай қызык тамаша" (1949) өлеңдерімен, "Баян", "Қорқыт", "Бозінген", "Сарыарқалық жігіт", "Екі дос", "Қарағанды", "Жылқышы" дас- тандарымен елге танылған. 1943 - 1962 ж. ауд, облысы, респ. айтыстарға катысқан. Айтыстары мен топтама өлендері "Акындар жыры" (1963), "Пернедегі термелер" (1965), "Айтыс" (3-т, 1966), "Қаһарлы сөз қамал бұзады" (1969), "Ленин деп халық жырлайды" (1969) жинақтарына енген.

<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}<

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}