Елена Ивановна Гончарова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Елена Ивановна Гончарова(1931 жылы туған, Ресей, Новосибирск қаласы) – медицина ғылымының докторы (1985), профессор (1986). Мәскеу медицина стоматологиялық институтын (1954) бітірген. 1954–1956 жылдары тіс дәрігерлері мектебінде (Воронеж қаласы) стоматология мұғалімі, Ташкент мемлекеттік медицина институтында ассистент (1956–1963), Алматы мемлекеттік медицина инcтитутында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина унивесритеті) ассистент (1963–1967), доцент (1967–1977), Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1977–1995) болды. 1995 жылдан Қазақ ұлттық мед. университеті жанындағы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында профессор. 80 ғылыми мақаланың авторы. <ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}