Елбай Қосымбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Елбай Қосымбайұлы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1900, Маңғыстау өңірі, Жыңғылды, Тұщыбек аймағы, Қабырға мекені – 1931, Маңғыстау ауданы,Жыңғылды ауылы ) – суырыпсалма ақын, қолөнер шебері. Өлеңді жасынан серік еткен Қосымбайұлынан «Мал баққан қара шаруа», «Жарандар құлақ салыңыз», «Мен жүйрік топтан озған», «Елбайдың термесі» атты шығармалары кейінгі ұрпаққа жеткен. Бұдан басқа «Беттескенде», «Ұмтыл алға», «Надандық», «Жақсылық пен жамандықтың сипаттары», «Тәкаппар-менмен туралы», тағы басқа өлең-жырлары белгілі. Елбай ерші, етікші, өрімші, ою-өрнексалушы, құдықшы, шығыршы болған; безендіріп тамдар да салған. Ол кеңес өкіметін әділдік орнатушы деп қабылдап, өз шығармаларымен оның насихатшысы болды, тіпті В.И. Ленинге арнаған жырын өрнектеп мола қабырғасына жаздыртып қалдырған. 1931 жылы Адай көтерілісі кезінде қайғылы қазаға ұшырады.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub