Еламан Шаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаханов Еламан (14 Сәуір 1944 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылы) — ғалым, биология ғылымының докторы (1991), профессор (1992). Қазақстан ғылым академиясының академигі (2004).<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Қысқаша өмірбаяны:

1967 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын(Қазақ агралық университеті) бітірген.
19671971 жылдары осы институтта аспирант, оқытушы.
19711993 жылдары Қазақ жемшөп және жайылым ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары.
19932001 жылдары Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор.
20012003 жылдары А.И. Бараев атындағы aстық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында директор қызметтерін атқарған.
2003 жылдан Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде.

Еңбектері:

Негізгі ғылыми еңбектері шөл және шөлейт аймақтарда сирек кездесетін жемшөптік дақылдардың полиподиясы мен алшақ будандастыру мәселелеріне арналған. Ол дәнді және жемшөптік дақылдардың 14 жаңа сортын шығарған, олардың ішінде бидайдың Ертіс-97, жүгерінің Цунами-80 сорттары, еркекшөптің, эспарцеттің, бетегенің, түйежоңышқаның сорттары бар. Шаханов 110-нан астам ғылыми еңбектің авторы, медальдармен марапатталған.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}