Екінші сатыға көтеретін сорғы станциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Екінші сатыға көтеретін сорғы станциясы — негізінен тазартылған суды тікелей тарату желісіне беретін, жұмысшы, қосалқы, көмекші агрегаттармен жабдықталған және басқару, құрастыру т.б. құрал-жабдықтар орнатылған сумен қамтитын сорғы станциясы.

Сорғы станциясы үш түрлі жүйеде сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді:

1) мұнарасыз;
2) мұнара орналасқан желі басында;
3) желі соңында орнатылған контррезервуарлы мұнара.

Екінші сатыға көтеретін сорғы станциясы суды тікелей тұтынушының тарату желісіне береді, сондықтан оның жұмыс режімі су тұтыну объектісінің режіміне байланысты болады. Топографиялық жағдайына және таза су резервуарының орналасу биіктігіне байланысты екінші сатыға көтеретін сорғы станциясының жер бетіне қондырылған және жартылай тереңдетілген деп аталатын түрлері бар. Гидромеханикалық, энергетикалық, көмекші, қосалқы құралжабдықтар мен жобалау жұмыстары құрылыстық норма-ережелерге сәйкес жүргізіледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Екінші сатыға көтеретін сорғы станциясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}