Екібастұз мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мешіт

Екібастұз мешітіЕкібастұз қаласының жұма мешіті. Мекенжайы: Естай Беркімбаев көшесі 165/56.

Тарихы

Бұл мешіт Павлодар облысындағы аса ірі энергетикалық кешен болып табылатын Екібастұз қаласында бой көтерген. Мешіт жергілікті дін жанашырлары мен іскер топ өкілдерінің бірлесе күш салуымен іргетасы қаланып, 1998 жылы біткен. Мешіт 1998 жылдың 11 қыркүйегінде ашылған. Ашылу рәсімінде мүфти Ратбек қажы қатысқан<ref>Мешіт — Екібастұз</ref>. Құрылысына және қаржыландыруына Екібастұз қаласының бұрынғы әкімдері Р.Жұматаев, Е.Оразалинов, кәсіпкер Е.Арбиев, ғимарат жобасын жасаған қаланың бас сәулетшісі Ж.Хайдаров, көмір өндіруші АҚ президенттері Р.Гайнуллин мен А.Өтегенов еңбек сіңірді. Сонымен қатар Қ.Ақанов, ағайынды Әбғожиновтар және т.б. азаматтар өз қаржылай үлестерін қосты.

Ғимарат сипаттамасы

Мешіттің ауданы — 2,8 га. Бір үлкен күмбезі бар. Оның шеңберінің диаметрі — 6 м.

Сыртқы көрінісі

Үлкен мұнара биіктігінің 53 метрге жеткізілуінің өзіндік мағынасы бар. Мұхаммед пайғамбарға пайғамбарлық 40 жасында келді. Содан кейін 13 жыл өтіп, Мұхаммед пайғамбар 53 жасында Меккеден Мединеге қоныс аударды. Осы оқиғадан бастап ислами жыл санауы басталды (Һижра). Үлкен мұнара осыны аңғартады.

Мешіттің жылыжайында қыста да, жазда да гүл өсіріледі. Төбесі шынымен жабылған.

Ішкі көрінісі

Жоғары қабаттағы ауыз үйінің ауданы — 324 м². Неке қиюға арналған бөлме бірінші қабатта орналасқан. Сондай-ақ қызметкерлер үшін 8 бөлме бар. Ішкі және сыртқы қабырғалары ұлттық ою-өрнектермен (сарыарқалық қошқар мүйіз үлгісі) өрнектелген.

Үлкен залдың ұзындығы — 24 м, ені — 18 м. Сол залда салмағы 390 кг хрустальды аспашам ілінген. Сонымен қатар үлкен залда Құранның Фатиха сүресі және Бақара сүресінің алғашқы 10 аяты жазылған. Әйелдер залының ұзындығы — 18 м, ені — 6 м<ref>"Екібастұз" мешіті</ref>.

Қызықты деректер

  • Ғимараттың сыртқы көрінісіндегі басты ерекшелігі — он жақтан сол жаққа қарай үлкен мұнарасына, кіші мұнарасына, күмбезіне және батыс жақтағы шатырға қолмен жүргізсе "Алла" (Үлгі:Lang-ar) деген сөз шығады.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Navbox