Екпе шөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Екпе шөп, шөп егу – егістікте не табиғи шалғындықта егіп өсірілетін бір жылдық және көп жылдық шөп. Жемшөп қорын жасауда Екпе шөптің маңызы зор. Бір жылдық және көп жылдық шөптерді егудің негізгі мақсаты – пішен, пішендеме, сүрлем, шөп ұнын, т.б. дайындауға қолданылатын, мал жайылатын көк шөп алу. Екпе шөптен мал шаруашылығына қажет арзан әрі құнарлы жемшөп дайындалады. Көп жылдық бұршақ тұқымдас шөп тұқымдарын немесе оларды астық тұқымдас шөп тұқымдарымен араластырып сепкенде топырақ құнарлылығы қалпына келеді және артады. Екпе шөптопырақ құрылымын жақсартуға, су сіңімділігіне, топырақ арасының желдетілуіне, т.б. әсер етеді, шөптерден кейін егілетін дәнді және тех. дақылдардың өнімділігін арттырады. Көп жылдық шөптерді танаптық ауыспалы егісте 1 – 3, кейде танаптан тыс телімге, ал жемшөптік, топырақ қорғайтын ауыспалы егісте 2 – 3 егістікке өсіреді. Екпе шөпті беткей, қыр, шөлдердегі топырақ эрозиясымен күресуде, сондай-ақ көгалдандыру үшін егеді. Қазақстанда көп жылдық масақты шөптерден еркек шөп, жиматарғақ, шалғындық атқонақ; бұршақ тұқымдастардан екпе беде, түйежоңышқа, жоңышқа егіледі. Көп жылдық шөп тұқымдарын шөп-астық тұқым сепкішімен себеді.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Екпе шөп|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}