Екатерина Афанасьевна Томилова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Екатерина Афанасьевна Томилова 1948 жылы 3 шілдеде Көкшетау облысының Арықбалық кентінде туған. Орыс. Әкесі - Васильев Афанасий Павлович (1906-1984). Анасы - Васильева Мария Игнатьевна (1906-1980). Көкшетау Кітапхана техникумының «Кітапхана ісі» факультетін бітірген (1966), кітапханашы. 1966 жылдан - аймақтық Қазан кітапхасының меңгерушісі. 1967 жылдан - Көкшетау облысы Володар ауданының «Заветы Ильича» кеңшарында комсомол комитетінің қызметінен босатылған хатшысы. 1969-1972 жылдары - Көкшетау облысы Володар аудандық Мәдениет үйінің директоры. 1973 жылдан - Новосібір қаласындағы Мемлекеттік педагогикалық институттың кітапханашысы. 1975 жылдан - Көкшетау қалалық мәдениет бөлімінің әдістемеші-инспекторы. 1976 жылдан бері - Ақмола облыстық «Көкшетау» Мәдениет сарайының директоры. «Құрмет» орденімен (2001); «Еңбек ардагері» (1988), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медальдарымен, ҚР Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған. Мәдениет қайраткері (2002). Бүкілодақтық Мәдени ұйымдастырушылар сайысының лауреаты (1982, Минск). Діни көзқарасы-«Православтықхристиан. Экстремисттікке жататындарынан басқа барлық діндерді қолдаймын». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Парасатты, ұстамды, демократияшыл болып, өз халқы үшін қам жеуі тиіс». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қуатты, дербес, бай мемлекет». Хоббиі - гүл өсіру. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық шығармалар, атап айтқанда А.С. Пушкиннің, Н.А. Некрасовтың шығармалары. Ұлы - Томилов Сергей Валентинович (1974 ж. т.).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub