Еділ сырты-Орал алды мұнайлы-газды облысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еділ сырты-Орал алды мұнайлы-газды облысы геологиялық тұрғыдан Каспий маңы ойысының динамикалық тұрғыдан өте белсенді және негізінен инверсиялық шеткі бөлігі болып табылатын Бозащы көтерілімінің солтүстік баурайынан Орал алды өңіріне дейінгі аралықты қамтиды. Бұл облыс та әркелкі зерттелген. Мұндағы кунгурға дейінгі палеозой бойынша ең жақсы зерттелген аймақ Жаңажол-Төрткөл ауданы болып табылады, осы өңірде төменгі карбонның визе жікқабатынан төменгі пермнің арт жікқабатына дейінгі аралық ұңғымалар көмегімен тиянақты зерттелген. Осы ауданда қойылған бірді-екілі аса терең ұңғымалар қиманы турон жікқабаты түзілімдеріне дейін аршыған. Ең толық зерттелгенi карбонатты таскөмірлік кешендер, негізгі мұнайгаздылық осы кешендермен байланысты. Оларды төсейтін төменгі таскөмірдің терригендік таужыныстары әлдеқайда нашар бұрғыланған, ал бұлардың мұнайгаздылығы облыстың батыс шеткі бөлігінде дәлелденген. Платформалық тыстың төменгі секциялары қазіргі таңдағы сейсмикалық зерттеулермен жеткіліксіз дәрежеде зерттелген, мұның өзі жергілікті іздестіру нысандарын нақтылау мәселесін табысты шешуді қиындатады. Қиралып отырған облыстың тұзасты түзілімдерін құрайтын құрылымдарды қалыптастыруға жекелеген горизонталь қозғалыстардың шешуші рөлі болғандығын уағыздайтын жаңадан құрастырылған геологиялық моделді ескерер болсақ, олардан, шегінді тыстың төменгі секцияларын қоса есептегенде, жаңа кенорындар іздеу перспективасы арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда облыстың Жаңажол-Төрткөл бөлігінің батыс аудандары айырықша қызғылықты. Қиманың карбонатты таскөмірлік секциясындағы күрделі құрылысты жергілікті нысандармен байланысты іздестіру бағыты перспективалы бағыттардың бірі боп қала бермек, алайда бұл нысандармен байланысты ашылулар өздерінің масштабы жағынан шағын болатындығы даусыз. Облыстың Бозащы және Жаңажол-Төрткөл аудандары аралығын қамтитын Сазтөбе-Сарыбұлақ бөлігі өзінің ең шеткі оңтүстік-батыс өңірінде ғана қанағаттанарлық дәрежеде зерттелген, сондықтан оның палеозойлық қимасының карбонатты да, терригендікте секцияларын одан әрі зерттеу қажеттілігі күмән туғызбайды. Облыстың Бозащы бөлігіндегі құрпық ауқымындағы палеозойлық түзілімдер қарқынды деформацияланған және алуан түрлі бұзылыстармен бөлшектенген, алайда оның теңіз табанындағы бөлігі айтарлықтай іздестіру нысаны ретінде бағаланады. Девон, таскөмір және төменгі пермь түзілімдерінде мұнайгаздылықтың тікелей белгілері талай рет анықталған Орал алды ауданы мүлдем зерттелмей қалып отыр десе де болады.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005.

ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}