Еділ Лұқпанұлы Оразов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Yuri Danilov Stavka.jpg
1978 – 85 жылы Еділ Лұқпанұлы Оразов бағыттау офицері, взвод, курсанттар батареясының командирі міндеттерін атқарды.

Еділ Лұқпанұлы Оразов (21.5.1956 жылы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылында дүниеге келген) – әскери қайраткер, генерал-майор (2005). Әуе қорғанысы күштерінің зенитті-ракеталық командалық училищесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1988) бітірген. 1978 – 85 жылдары бағыттау офицері, взвод, курсанттар батареясының командирі міндеттерін атқарды. 1988 – 93 жылдары Энгельс жоғары зенитті-ракеталық командалық училищесінде оқытушы, 1993 – 98 жылдары Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әскери комиссары, облыстық әскери комиссардың орынбасары, 1998 – 2002 жылдары Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әскери комиссары болды. 2002 жылдың қыркүйек айынан ҚР Қарулы Күштері әскери академиясының (2003 жылдан Ұлттық қорғаныс университеті) бастығы. Еділ Лұқпанұлы Оразов “На страже независимости”, “Опыт боевого применения войск ПВО в локальных войнах”, т.б. еңбектер жазған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> S

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еділ Лұқпанұлы Оразов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}