Егістік қарамықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Егістік қарамықшасы (Үлгі:Lang-la) - қалампырлар тұқымдасы, қарамықша туысына жататын бір не екі жылдық шөптесін өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 30-80 см-дей.
  • Өсімдікті түгелдей жұмсақ ұзын түк басқан.
  • Сабағы тік немесе бұтақтанған.
  • Жапырақтары қандауыр тәрізді (ұзындығы 3-10 см, ені 0,3-0,7 см), қарама-қарсы орналасқан, дара гүлдері сабағының ұшында жетіледі.
  • Күлтелері тостағанша жапырақшасынан қысқа, аталықтары - 10, аналықтары - бесеу.
  • Ірі гүлдері күлгін түсті. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жемістенеді.
  • Жемісі - бір ұялы қауашақ, жарылып ашылады.
  • Қара түсті ірі дәндері болады.

Өсетін орны мен таралуы

Еуропа мен Азияның қоңыржай климаттарында қарамықшаның 3 түрі кездеседі. Қазақстанда Тобыл-Есіл, Ертіс өзендерінің бойында, Каспий маңы ойпатында, Балқаш-Алакөл ойысында, Алтайда, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында және Қаратау жотасында егістік қарамықшасы өседі.

Емдік қасиеті

Емдік мақсатқа өсімдіктің сабағын, тамыры мен дәнін пайдаланады. Қарамықшаның дәндерінің несеп жүргізетін, қақырық түсіретін, қан тоқтататын және ішек құрттарын түсіретін қасиеті бар. Дәндерінің құрамында агростем қышқылынан тұратын гитагин сапонині бар, соған байланысты өсімдік - аса улы. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>