Егеухан Мұқамәдиқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Егеухан Мұқамәдиқызы - 1940 жылы 1 сәуірде моңғолияда, Баянөлғий аймағында туған. Баяннүр орта мектебінде отыз жылдай кітапхана меңгерушісі болған. 1960 жылдан өлең жазып, айтыстарға қатысқан. 1971 жылы моңғолия қазақтарының айтыс өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Айтыс ақыны» атағын алған. Бірнеше республикалық, халықаралық айтыстар дың жүлдегері.

Еңбектері

«Жыр қарлығаштары» (1966), «Таң арайы» (1971), «Ақ қайың» (1971), «Қобдаөзентолқыны» (1975), «Аруарманы» (1977), «Айтыс» (1979), «Бәйге» (1980), «Оң қанат» (1982), «Алимын цэцэрлэг» (моңғол тілінде, 1989) өлең жинақтары жарық көрген. «Қайтқан қаз», «Қосішек» атты жыр жинақтары бар. «Даңқты Ана» ІІІ дәрежелі ордендерімен, Құрмет грамоталарымен, медальдармен марапатталған. моңғолия Журналистер одағының, моңғолия Жазушылар одағының мүшесі.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}