Егеуот

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Егеуот (Mіnuartіa) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қазақстанда таулы, тастақты тау беткейлерінде, сортаңды топырақты жерлерде өсетін 7 түрі (арктика Е-ы, көктем Е-ы, Крылов Е-ы, қосгүлді Е., Литвинов Е-ы, Мейер Е-ы, Регель Е-ы) бар. Бұлардың сабақтары тік өседі, кейде бұтақты келеді. Жапырақтары жіңішке, жіп тәрізді. Тостағанша жапырақшалары 5, безді, түкті. Күлте желектері де бесеу, бітік немесе ойма, тостағаншасынан қысқа немесе тең болады. Аталығының саны 10, аналық мойны – 3. Сәуірден тамызға дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – домалақ қорапша. Тұқымдары көп болады.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Егеуот|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}