Евгений Михайлович Якушев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Якушев Евгений Михайлович (16.6.1935 ж.т., Ресей, Волгоград облысы Новоаннинск ауданы Галушкино с.) – физика-математика ғылымының докторы (1981). ҚазМУ-ды (1959, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Бүкілодақтық геофизикалық барлау институтының Қазақ бөлімшесінде аға техник (1960–63), Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика институтында инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер (1963–87); 1987 жылдан институт директорының орынбасары әрі лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері физика электроника мен масспектрометрлік приборларды жасауға арналған. 14 өнертабыстың авторы. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>