Евгений Георгиевич Ёжиков-Бабаханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Евгений Георгиевич Ёжиков-Бабаханов 1942 жылы 12 мамырда РКФСР Саратов қаласында туған. Армян. Львов политехникалық институтын (1965) инженер-электрик мамандығы бойынша; Бүкілодақтық құрылыс-инженерлік сырттай оқыту институтын (1978) инженер-экономист мамандығы бойынша; КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген (1981). Орысжәне ағылшын тілдерін біледі. КОКП мүшөсі (1965-1991). 1969 жылдан - ҚазКСР партия және кеңес органдарында қызмет атқарған. 1985 жылдан - ҚазКСР монтаждық және арнаулы құрылыс жумыстары министрі. 1988 жылдан - Жезқазған облысы Әкімшілігінің басшысы. 1990 жылдан - ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Бас бақылау инспекциясының төрағасы. 1993 жылдан бері - «Монтажарнаулықұрылыс» Компаниясы» ЖАҚ президенті және Директорлар кеңесінің төрағасы. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 10-шы және 11-ші шақырылымының депутаты. КСРО халық депутаты (1989-1991). Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет» ордендерімен; «Даңқты қурылысшы» құрмет белгісімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақстан Құрметті құрылысшысы. Әскери атағы - отставкадағы полковник. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Т. Рузвельт.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub