Евгений Владимирович Гончаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Евгений Владимирович Гончаров 1981 жылы 16 қаңтарда Ақтөбе қаласында туған. Орыс.

Анасы - Гончарова Валентина Григорьевна (1952 жылы туған), «Ақтөбе нан» АҚ наубайханашысы. Ғ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі факультетін (2004) жаттықтырушы-оқытушы мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі уақытта - Ақтөбе экономика және статистика институты қаржы және несие факультетінің студенті. Орыс және ағылшын тілдерін біледі. 2005 жылдан бері - «Көктас-Фитнес» тренажер залының менеджері. 2009 жылдан бері - «Алатау» сауда және көңіл көтеру кешені бас директорының орынбасары. «Ақтөбе аймақтық «Славяне» орталығының» мүшесі. Гир спортынан Әлем чемпионы, Қазақстанның 13 мәрте чемпионы, әлем рекордшысы, гир спортынан Қазақстанның абсолюттік рекордшысы. «Облысқа сіңірген еңбегі және спорт дамуына қосқан үлесі үшін» Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаттары табыс етілген (2005, 2007, 2008, 2009). ҚР абсолютты рекордсмені (екі мәрте); әлем рекордсмені (Харьков, 2000); әлемнің 6 мәрте чемпионы; кір тасы спорты бойынша 􀀂Р 3 мәрте чемпионы; әлемнің қола жүлдегері (Санкт-Петербург , 2001); бөлек жаттығулар бойынша - серпуден (Гамбург, 2004), ұзын цикл бойынша - серпу мен жұлқудан (Қазан, 2004) әлем чемпионы; әлөм чемпионы (Харьков, 2005). Кір тасы спорты бойынша ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері. Ақтөбе облысының үздік спортшысы (2008). Кір тасы спорты бойынша ҚР үздік спортшысы (2009).

  • Діни көзқарасы - христиан.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Күшті және өркендеген мемлекет».
  • Хоббиі - тау шаңғысы.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - кір тасы спорты бойынша арнайы әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Гончарова Елена Николаевна, бухгалтер.
  • Қызы - Гончарова Евангелина Евгеньевна (2003 жылы туған).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub