Ебедейсіздік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ебедейсіздіксубъектінің өзі белгілеген іс-қимыл бағдарламасын оның қайта құрылуы объективтік түрде талап етілетін жағдайларда өзгертуді қиынсынуы (мүлдем өзгерте алмауға дейін баруы). Когнитивтік, аффектілік және мотивациялық ебедейсіздік деп сараланады. Когнитивтік ебедейсіздік жағдаят өзгергендеқабылдаулар мен түсініктерді қайта құрудың қиындықтарында байқалады. Аффектілік ебедейсіздік эмоциялардың өзгермелі объектілеріне аффектілік (эмоциялық) жауаптардың қасаңдығынан білінеді. Мотивациялық ебедейсіздік субъектінің икемділікті және мінез-құлық сипатын өзгертуді талап ететін жағдайларда түрткілер жүйесін өте сылбыр қайта құрудан көрінеді. Субъект байқататын ебедейсіздік деңгейі оның тұлғалық ерекшеліктерінің ортаның сипатымен өзара әрекеттестігінен туындайды; оған алда тұрған міндеттің күрделілік дәрежесі, субъект үшін оның тартымдылығы және т.б. қамтылады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}