Дөңгелек құрттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Дөңгелек құрттар (аскаридалар) Ұзындығы 20—30 см. дейін болады Түсі: ақ немесе күлгін

Таралу тәсілі

Нәжістен ауызға түседі. Жеке бастың гигиеналық ережелерін жеткілікті сақтамағандықтан аскарида урығы бір адамның нәжісінен екінші адамның аузына түседі.

Денсаулыққа әсері

Аскаридалар ұрығы ауызға түсісімен одан өніп көбейіп, қанға араласып, денеде қышыма пайда болады. Содан соң олар өкпеге жетіп, кейде құрғақ жөтел тудырады, арты насырға шапқанда өкпені қабындырып, қан аралас жөтелге ұштасады. Аскаридалардың жас өскіндері өкпедегі жөтелмен шығып, ішке жүтылып, ішекке түседі де, әбден өсіп жетіледі.

Ішектегі аскаридалардың көпшілігі асқазанның қорытпауына және әлсіздікке әкеліп ұрындырады. Ішегінде аскаридасы көп балалардың көбіне іші кеуіп жүреді. Кейде аскаридалар демікпе, жиі қысылып қалу немесе ішектің таралу ауруларын туындатады. Баланың қызуы жоғарылаған кезде, олар дәреті арқылы немесе аузы мен мұрнынан да шығады. Кейде олар ауа жібермей, бала қақалып-шашалуы да мүмкін.

Алдын алу шаралары

Әжетхананы пайдаланыңыздар, ас ішерден немесе ас дайындардан бұрын қол жуыңыздар, тамақты шыбыннан қорғаңыздар, жеке бас гигиенасының бұл тараудың алғашқы бөлімінде айтылған ережеперін сақтаңыздар.

Емделу жолдары

Әдетте аскаридаға қарсы мебендазол қолданылады. Сондай-ақ пиперазин де көмектеседі.

ЕСКЕРТУ: Тиабендазолды аскаридаға қарсы қолданбаңыз. Бұл көбіне аскариданың мұрын мен ауызға қарай жылжуын кушейтіп, бұдан бала түйіліп, шашалуы мүмкін.

Дереккөздер

  • Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет.

ISBN 5-615-01453-9

Осы кітаптың кез келген бөлігін коммерциялық емес мақсатта көшіруге және таратуға басып шығарушылар арнайы рұқсат берген. Сол үшін оларға көп-көп рақмет!

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}