Дөңбектастар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дөңбектастар. Тау жыныстарының мөлшері 10 см-ден артық жұмырланған кесектері.<ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.— Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>

Кесектердің жұмырлануы — олардың қозғалыс кезінде үйкелістерге ұшырауынық нәтижесі. Жаралу тегіне орай дөңбектастар мұздық дөңбектастары, делювиальды (еңістерге қарай домалау нәтижесінде қалыптасқан), пролювиальды (жауын-шашын суларымен шайылу салдарынан түзілген) және аллювиальды (ағын сулармен, яки өзен суларымен шайылу нәтижесінде жұмырланған) дөңбектастар болып төрт түрге бөлінеді.

Дереккөздер

<references/> 

Үлгі:Суретсіз мақала