Дәуімшар

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Дәуімшар (17701810) – батыр. Мұңалға кіретін шоғы (Қырықмылтық) руының есекей тармағынан. Оның өмірі, ерлік жолдары Үстірт, Жем, Сағыз аймақтарымен тығыз байланысты. Осы өңірді басып алуға тырысқан қалмақ, башқұрт, хиуалықтардың бетін қайтарып, ұрпақ алдында өшпес ерлік үлгілерін қалдырған. Х.Досмұхамедұлы Дәуімшардың батырлығын жоғары бағалап, оны Атағозы, Сүйінғазы, Өтен, Нарымбай, Құлбарақ, Жапарберді, Мыңбай, Көктеубай сынды ерлердің қатарында атаған. Дәуімшар мен күйеу баласы Құғабай батыр майдан даласында қаза тапқан. Моласы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы (Жарқамыс аулынан оңт.-батысқа қарай 37 км) жерінде. «Дәуімшар қорымы» деп аталады. Басына кесене тұрғызылған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub