Дәурен Жаңашұлы Ғылымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ғылымов Дәурен Жаңашұлы - 1974 жылы 7 қарашада Көкшетау облысы Амандық ауылында туған.

Әкесі - Ғылымов Жаңаш Ғылымұлы, марқұм, облыстың Құрметті механизаторы болған. Анасы - Ғылымова Афелия Белібайқызы, зейнөткер, батыр-ана, тәрбиеші болған.

Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетін (1999) оқытушы, оркестр әртісі мамандығы бойынша; Қазақ ұлттық музыка академиясы оркестр дирижөрі факультетін бітірген (ассистенттік-сынақ ісі) (2003) халық аспаптары оркестрінің дирижері, концерттік орындаушы мамандығы бойынша бітірген.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2004 жылдан).

1999-2002 жылдары - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері.

1999-2003 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің оқытушысы. 2001 жылдан - Қазақ ұлттық музыка академиясы оқытушысы (Астана). 2003 жылдан - Астана қаласы Мемлекеттік филармониясы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі.

2008 жылдан бері - Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы Қазақ халық аспаптары оркестрінің дирижері.

Құрманғазы атындағы Республикалық байқаудың әділқазылар алқасының мүшесі (2003). Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті Мемлекеттік аттестация комиссиясының төрағасы (2005).

Мәдениет қайраткері (2003). Ш. Қажығалиев атындағы Республикалық байқаудың дипломанты (Орал, 2002).

Н. Тілендиев атындағы Дирижерлар байқауының Гран-при иегері (2004).

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - А. Байтұрсынов, Абылай хан.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары мәдениетті, экономикалық өркендеген, құқықтық, алдыңғы қатардағы мемлекет».

Хоббиі - спорт.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, ғылыми-танымдық, этномузыкатану әдебиеті.

Үйленген. Жұбайы - Ғылымова Венера Нұрсәлімқызы, оркестр әртісі (домбыра). Қыздары - Жаңашева Ақбота Дәуренқызы (1998 ж.т.), Жаңашева Айғаным Дәуренқызы (2002 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub