Дәурен Берікқажыұлы
Дәурен Берікқажыұлы - 1974 жылы 15 мамырда Семей облысы, Мақаншы ауданы, Қарабұта ауылында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы) дүниеге келген.
- Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінің (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) түлегі.
- 1996 — 1999 жылдары орта мектепте,
- 1999 — 2002 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазМ¥У-да ағылшын тілінен дәріс берді.
- Қазір «Қазақстан» телерадио компаниясының аударма және дубляж бөлімінде қызмет етеді.
Шығармалары
Өлеңдері 1994 жылдан бастап республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді. Шығармалары 2000 жылы жарық көрген «Сборник. Избранное» («Қазақ университет!») , «Жас ақындар жырларының антологиясы» («Өлке») жинақтарына енген. 1996 жылы жарық көрген «Оттегім менің, от демім менің — жырларым» («Жазушы») және 2001 жылы «Отырар кітапханасы» сериясымен шыққан «Апіе тегісііет» жыр жинақтарының авторы. 2008 жылы «Гүл мен қылыш жырлары» атты жинағы жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>