Дәулетхан Серғазыұлы Есімов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дәулетхан Серғазыұлы Есімов - 1963 жылы 21 шілдеде Көкшетау облысы Щучье ауданының Қидыққарағай ауылында туған. Қазақ. Анасы - Есімова Бадиша Ахметқызы, зейнеткер, ауыл шаруашылығы жұмыскері болған.
Хронологиясы
- Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1985) «Стоматология» мамандығы бойынша;
- Қазақстан тұтынушылар одағы Қарағанды экономикалық университетінің (2001) «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
- «Денсаулық сақтау саласындағы стоматологияны жекешелендіру: жай-күйі, сабақтары, мүмкіндіктері» монографиясының;
- «ҚР стоматология қызметін реформалаудың негізгі іс-шаралары» т.с.с. 9 мақаланың авторы.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан).
- 1985 жылдан - Қостанай облыстық стоматологиялық емханасының стоматолог-дәрігері, стоматолог-хирургі, жақ сүйек-бет хирургі (Арқалық қаласы).
- 1995 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасының жақ сүйек-бет хирургі.
- 1996 жылдан - Міндетті медициналық сақтандыру қоры Ақмола облыстық бөлімшесінің хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті (Ақмола қаласы).
- 1997 жылдан - Республикалық клиникалық аурухана директорының орынбасары (Ақмола қаласы).
- 1999 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық» РМҚК бөлімінің меңгерушісі;
- 2001 жылдан - бөлім бастығы;
- 2003 жылдан - қалалық филиалы директорының орынбасары (Астана қаласы).
- 2005 жылдан - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі Басқарма бастығының орынбасары;
- 2007 жылдан - Департамент директорының орынбасары;
- 2009 жылдан - Комитет төрағасының орынбасары.
- 2009 жылдан бері - Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы.
Жетістіктері
- «Астана қаласы медициналық университеті» АҚ,
- «Ұлттық ғылыми медициналық институт» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
- «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталған (2009).
Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген егемен республика». Хоббиі - аңшылық. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар. Үйленген. Жұбайы - Есімова Зүлфия Болатқызы, «Шын- Вар» ЖШС директоры. Қызы - Зарина (1984 жылы туған); ұлы - Шыңғыс (1990 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>