Дәстүр мен жаңашылдық жайында

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

<<Дәстүр мен жаңашылдық жайында>> - жазушының мақаласы. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1960 жылғы 28 тамыздағы санында жарияланған, бұдан соң «Әр жылдар ойлары» (1961) жинағында басылған. Мұнда қазақ әдебиетінің өскелең жолын сарапап, қорытындылаған (теориялық) күрделі ойлар бар. Әуезовтің «Дәстүр - болмысты көркем образға айналдырудың ғасырлар бойы машықталған тәсілдерінен және айналамызды қоршаған қоғамдық орта мен табиғатты ой таразысына сала отырып бейнелеудің ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан қағидапарынан құрылады» (12 томдық шығармалар жинағы, 12-том, 509-бет) деген анықтамасы дәстүрдің заңдылықтарын ашатын тұжырым. Бұл еңбекте қазақ көркемсөз өнеріне тән дәстүр мен жаңашылдықтың бірнеше қырлары көрсетілген. Соның бірі қазақ әдебиетінің ауыз әдебиеті мен жазба кәсіби (профессионап) әдебиетінен нәр алып, қос арна болып дамып келе жатқандығы. Қазақ фольклорының сұрыпталған шебер тілі, халықтың үміт, арманын бейнелейтін үрдісі, кең ауқымды толғамдылығы Абай Құнанбаев бастаған классикапық әдебиетімізге игі әсер тигізген. Сондай-ақ кеңес дәуірінде көркейіп дамыған жазба әдебиет халық ақындарының, соның ішінде Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын байытуға зор ықпал еткен - Әуезов қазақ кеңес әдебиетінің жетілуіне, жанрлық жағынан түрленуіне, жаңа сапалар табуына орыс әдебиетінің тәсіл, үлгісі болғанын атап өтеді. Қоғамдық өзгерістердің нәтижесінде әдебиеттегі көне дәстүрлердің кейбіреулері жоғалып, оның орнына өміршең жаңа бағыттар келетіні де жаппы заңдылық. Жаңа дәстүрлер шебер суреткерлердің ізденістері арқылы толысып, түрленіп отырады. Қазақ кеңес поэзиясы мен прозасы әлемдік әдебиеттің тәжірибесін де пайдаланып, жетілген. Ал драмалық шығармалар, әдеби сын дәстүрі, негізінен алғанда, кеңес дәуірінің жемісі болып табылады. Жазба әдебиеттің ең күрделі жанры - романшылықтың қалыптасуына да төл дәстүрімізбен қатар жаһан әдебиетінің де әсері тиген. Тың жанрлардың пайда болуы, көне жанрлардың жаңғыруы, ауызша және жазбаша көркем шығармашылықтың бірін-бірі байытуы ортақ заңдылықтай құбылыс. Дәстүр мен жаңашылдық қазақтың көркем әдеби тілінің қалыптасу процесіненде көрінеді. Сонымен: 1. Халықтың ақындық шығармашылығы, оның жанрлары мен түрлері, ақындардың стилі мен қолжазбасы жүздеген жылдарда қалыптасып, дамып отырады; 2. Қазақ әдебиеті өзінің даму процесінде тап дәстүрлерімен қатар шығыстың, орыстың, еуропалық жалпы жаһан әдебиетінің көркемдік жетістіктеріне де сүйенеді, жаңа сипаттар табады; 3. Жазба әдеби тіл де ақындар, жазушылар шығармашылығының ілгерішіл үрдістерін сұрыптап, жетілдіреді.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәстүр мен жаңашылдық жайында|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}