Дәрімбет Батырхан Ерғалиұлы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Дәрімбет Батырхан Ерғалиұлы (5.12.1951, Қызылорда облысы Арал ауданы Ақбай ауылы - 7.6.2005, Алматы) - ғалым, филология ғылымының қандидаты. ҚазҰУ-ды бітірген (1977). 1979 жылдан Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, аға қызметкері. 1998 жылдан "Жас Түркістан" журналының бас редакторы.
Шығармалары:
- Тазару, А., 1991;
- Смағұл Сәдуақасұлы. Тандамалы (құрастырып, баспаға дайындаған, алғы сөзін жазған). А., 1993;
- Мағжан Жұмабаев. Шығармалар. 3-томдық (жауапты шығарушы). А., 1995 - 1996;
- Мағжан Жұмабаев. Тандамалы (құрастырған, баспаға дайындаған). А., 1992;
- 20 - 30 жылдардағы қазақ әдебиеті (жауапты шығарушы, авторлардың бірі). А., 1997;
- 40 - 50 және 60-жылдардағы қазақ әдебиеті (жауапты шығарушы, авторлардың бірі). А., 1998.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті Үлгі:Wikify