Дәрілік сасыршөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Дәрілік сасыршөп (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасының сасыршөп туысына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 80 см-ге дейін жетеді.
  • Тамыры жуан, сабағының ұзын бойына созылған сайлары бар. Төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары ұзын, жоғары жағындағыларының сағақтары қысқалау.
  • Жапырақтары сопақша келген, 2 немесе 4 жіңішке бөліктерге бөлініп тілімделген.
  • Гүлдері ақшыл сары түсті, үлкен гүл шоғырлы, шілде-тамыз айларында гүлдейді.

Табиғатта таралуы

Республикамыздың оңтүстік және шығыс облыстарының далалы аймақтарында, тау етектерінде, шағынды жерлерде, орман шеттерінде өседі. Қазақстанда бұл өсімдіктің моррисон деп аталатын түрі өседі. Оның сабағының биіктігі 1,5 метрге дейін жетеді.Тамыры жуан және ірі болады.

Химиялық құрамы

Өсімдік тамырының құрамында пеуцеданин деген зат, синигрин деген глюкозид бар<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Қолданылуы

Дәрілік шикізат ретінде сасыр шөп тамырын күзде және көктемде қазып алып, суық сумен жуады да, жел қақтырып кептіреді. Мал дәрігерлігі практикасында өсімдік тұнбасымен тері қышымасын, тері тканьдерінің бұзылған тұсын емдейді. Тұнба жасау үшін өсімдік тамырының 100 грамм ұнтағы бір литр суға салынып, 5 – 6 минут қайнатыладыда сүзіледі. Дайын тұнбамен тері қышымасын жуып емдейді.

Құрамында пеуцеданин деген зат бар. Одан жасалған дәрілер денедегі терінің дөңгелек-дөңгелек болып ағарып кеткен жерлерін емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында қабынуға қарсы әсер ететін, денедегі ауырған жерлерді тыныштандыратын және қақырық түсіретін дәрі ретінде қолданылады. Дәрі жасау үшін өсімдіктің тамырын күзде немесе көктемде жинап алады.<ref>Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер