Дәрмағанбетұлы Шәкізат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәрмағанбетұлы Шәкізат (1931 жылы туған, Арал ауданы Қаратерең ауылы) – журналист. ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетінтін (1956 жылы), Алматы жоғары партия мектебін (1965 жылы) бітірген. 1956 жылы Қазалы ауданы «Социалистік жол» газетінде жауапты хатшы, 1958 жылы осы газеттің редакторының орынбасары, 1959 жылы Қармақшы ауданы «Қызыл Ту» газетінде редактор, 1960 жылы «Социалистік Қазақстан»Егемен Қазақстан») газетінде, 1961 жылы осы газеттің Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілшісі қызметтерінде болды. 1965 – 75 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, кейін Арал ауданы «Толқын», 1976 – 78 жылы Торғай облысы «Торғай таңы» 1978 – 92 жылы Қызылорда облысы «Ленин жолы» газетінде, 1999 – 2003 жылы облыс ұстаздарының «Сыр мектебі» газеттерінде жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыс бөлімінің төрағасы. Дәрмағанбетұлының әр жылдарда «Керегеміз кең, тереземіз тең», «Еңбек бақыты», «Менің замандастарым», «Қос қайың», 2003 жылы «Өмір толқындары» атты кітаптары жарық көрген. Қазақстан Журналистер одағының екі мәрте лауреаты.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, V том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәрмағанбетұлы Шәкізат|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}