Дән жейтіндер мен жәндік жейтіндер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Сайрауық құстар» деп әуезді дыбыс шығаратын құстарды айтамыз. Олар қонақтап отырып та, ұшып жүріп те сайрай береді. Олардың сүйікті асы – түрлі өсімдіктердің дәні. Бұл құстардың тұмсығының пішіні қандай дәнді жейтіндігіне байланысты болады. Мысалы, жаурауық деген құспен сұлыкештің тұмсығы қатты дән жеуге арналған үшбұрышты, қатты тұмсық. Ірі жем жейтіндер имектұмсық болады. Мұндай құстар өздеріне де, балапандарына да бірдей жем табады. Сайрауық құстардың көбісі жәндік аулауға жақсы машықтанған. Олардың тұмсығы әуеден жәндік іліп алуға ыңғайлы тік немесе имек болып келеді. Сайрауық құстардың бәрі бірдей жақсы әнші емес. Бозторғайлар мен сандуғаштар – жақсы әншілер. Ал сайрауықтар тобына жататын кейбір құстардың бар өнері – жем жеп жатқанда төңіректі азан-қазан ғып шуылдау ғана.

Дереккөздер

ҚҰСТАР. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 32 бет. – Сер.: «Балаларға арналған танымдық энциклопедия». ISBN 9965-26-454-6