Дәм сезу адаптациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәм сезу адаптациясы. Мысалы: ауызға тәтті затты салғанда оның дәмін тез сезеді, егер оны қозғамай ауызда ұзақ ұстаса, тәтті дәмін сезбей қалады. Дәм сезу түйсігі иіс сезу сияқты заттардың химиялық қасиеттерімен шартталады. Дәм сезетін қасиеттердің негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді — тұзды, қышқыл, тәтті және ащы. Дәм сезуге, әдетте, иіс сезу, ал кейде қысым, жылулық, суықтық және ауырсыну түйсіктері қосылады. Дәм сезуде компенсация, яғни бір дәм сезу түйсігінің (тұзды) басқамен (қышқыл) басылыл қалуы үлкен рөл атқарады. Контраст құбылысымен қатар, дәм сезуде контраст құбылысы да орын табады. Мысалы, қант ерітіндісінің тәтті дәмін түйсіну тұздың аз мөлшерінің қосындысынан күшейеді. Дәм сезу түйсіктері вегетативтік жүйке жүйесі арқылы эмоциялық көңіл-күйге әсер етеді. Дәм сезу, иіс сезу сияқты басқа рецепторлық жүйелердің табалдырықтарына, мысалы, ол көз бен естудің өткірлігіне, тері сезгіштігі мен проприоцепторлар күйіне әсер етеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}