Дәмеш Берсүгірова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәмеш Берсүгірова (15 наурыз 1905 жыл, Жетісу губерниясы, Лепсі уезі Мұқаншы Садыр болысы (қазіргі Алматы облысы, Сарқан ауданы, Бақалы ауылы - 1984 жыл) - ақын.


  • Жеті жасыңда атасынан ескіше сауат ашып, арабша хат таныған.
  • 1920 жылы Алматы қаласында қазақ-қырғыз жастарынан оқытушылар даярлайтын курста оқыған.
  • 1921 жылдан бастап ауылдағы мәдени-ағарту жұмысына белсене қатынасады, комсомол ұйымының хатшысы, әйелдер бөлімінің жетекшісі сияқты қоғамдық қызметтер атқарады.
  • Көп жылдар бойы мектептерде ұстаздық қызметте болған.
  • Тұңғыш ақындық қадамын өзі жетекші болған көркемөнерпаздар үйірмесінде ұсақ тақпақтар, шағын пьесалар, «Тілші» газетіне мақалалар жазудан бастаған.

Шығармалары

  • «Қоңыр жорға» (1929)
  • «Меңді-қыз»
  • «Жауынгер ұлыма» (1942) атты көлемді туындылары бар.
  • Қоңыр жорға. А., «Жазушы», 1961;
  • Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1974;
  • Ағады Ақсу. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1979]<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}