Дәметкен Идрисова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәметкен Идрисова - артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1960 жылдың 21-ші қыркүйегінде дүниеге келген. Ұлты қазақ болып келеді. Алған білімі арнаулы орта - студияға мамандалған. Дәметкен Идрисова театрдың балет тобының негізін қалаушысы. Ол 22 жыл балет артисті қызметін атқарды. Қазіргі кезде ол Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы-драма театрында артист ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.
Кейінгі мерзімде сомдаған рольдері:

  • Ө. Боранбаев «Сотанайдың соңғы үйленуі» - Камилла
  • С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Мехри
  • Мұхтар Әуезов «Қаракөз» - Өсекші әйел
  • «Кішкентай Мукар» ертегісінде – Агвация
  • «Аладдиннің сиқырлы шамы» ертегісінде – Шешесі
  • О. Бодықов “Ит өлім” – Ракшана
  • Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Жуан-жуан
  • А. Сапышев “Күн астындағы Күнікей қыз” – Уәзір, т.б
  • Жаңа жылдық, Наурыз интермедиясының авторы