Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова - тарих ғылымдарының кандидаты (2004), доцент. 1953 жылдың 15 шілдесінде Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы (қазіргі Сырым) Алғабас елді мекенінде дүниеге келген. 1971-1976 жылдары Батыс Қазақстандағы А.С. Пушкин атындағы педагогика институтының «Тарих және педагогика» факультетін аяқтаған. 1976-1980 жылдары жалпы білім беретін «Айдархан» орта мектебінде, 1980-1984 жылдары М.Өтемісұлы атындағы мектепте мұғалім болып істеген. 1984-2002 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы колледжде оқытушы және бірлестік меңгерушісі болып қызмет атқарған. 2004 жылы тарих ғылымдарының кандидаттығын алу үшін «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. «Жаһанша елі» (2004) атты әдістемелік оқулықтың және 30-дан аса ғылыми мақалалардың авторы. 2007 жылы «Алашорданың Батыс бөлімінің тарихы - өлке тарихының құрамдас бөлігі» атты монографиясы жарыққа шықты. Қазір Орал қаласындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында оқытушы.<ref>«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәметкен Досмұханқызы Сүлейменова|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}