Дәмегүл Баялиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәмегүл Баялиева – (20.8.1950. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) - филолог, ғалым. <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>

ҚазМУ-ді бітірген (1974).

1974 жылы С.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің қазақ журналистика кафедрасына аға лаборант, 1989 жылы журналистика тарихы кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, мерзімді баспасөз кафедрасының доценті. Филология ғылымдарының кандидаты (2002), (диссертация тақырыбы «Қазақ ұлттық баспасөзінде салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелерінің жазылуы»).

Мерзімді баспасөз кафедрасында «Білім реформасы және баспасөз», «Баспасөзде ұлттық мәдениет, салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелері» деген арнайы пәндер бойынша дәріс жүргізеді.

«Баспасөзде салт-дәстүр, әдет-ғұрып мәселелері», (1989); «Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт-дәстүр және тіл, стиль мәселелері» оқу құралдарының авторы.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}