Дәліз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәліз, веранда — бақтағы үйдегі немесе саяжайдағы жаздық бөлме, екі немесе үш қабырғасы әйнектеледі. Дәліз үймен бірге немесе оған жапсарластыра салынады. Үйді бақтағы немесе саяжайдағы учаскеде салған кезде оның дәлізін баққа яки табиғи көрікті жерге қаратып орналастыру керек. Егер үй көше мен учаскенің шекарасына жақын орналасса, дәлізді көше жағына қаратып салудың қажеті жоқ. Бақтағы шағын үйде дәлізді кіре беріс бөлме, асхана, сонымен қатар тынығатын орын есебінде пайдалануға болады. Кейде дәліздің ішінен үйдің екінші қатарына көтерілетйг баспалдақ орнатылады. Дәліз арқылы бөлмеге өтетін жағдайда есікті сыртқа қарай ашылатындай және жиһаз тіке өтуге кедергі жасамайтындай етіп орнатқан тиімді. Дәлізді біріне-бірі тығыз түйістірілген бірнеше терезе блоктарын орнатыл әйнектеуге болады. Әйнектелген блоктардың астыңғы жиегінің еденнен биіктігі ең көп дегенде 45—50 cм болуға тиіс. Ал әйнектелген блоктар мен төбенің аралығындағы қабырғаның шағын бөлігін өз қалпында қалдырған жөн; бұл терезе пердесіне арналған штанганы іліп қоюға мүмкіндік береді. Дәлізде күннен қорғану үшін қамыстан тоқылған перделерді пайдалануға болады. Дәліздің көлемі шағын болса (10-12 м2), сыртынан жабылатын тор көзді темір қақпақтар жасап қойған жөн. Кірер есікті дәлізден ас үйге өтетін етіп орнатқан қолайлы. Бұл тамақ даярлайтын жерден ас ішетін орынға дейінгі қашықтықты қысқартады (егер дәлізде тамақтанатын болса). Үйде асхана немесе ас үй бар болса, дәлізді негізінен тынығу үшін пайдаланады, мұндай жағдайда әдетте, жалпы бөлмеден тікелей дәлізге апаратын есік салынады, жалпы бөлме мен дәліздің аралығына ішінара немесе түгел әйнектелген қабырға орнатуға болады (бұл жалпы бөлменің аумағын кеңейтіл көрсетеді). Бақтағы үйдегі дәлізге ас столы, орындықтар, тынығуға арналған кресло қойылады. Көлемі шағын дәліздерде тасымалдауға қолайлы мебельді — жиналмалы столдар мен орындықтарды, Сондай-ақ тоқыма мебельді пайдаланған тиімді. Дәлізге арналған мебель жеңіл және қажет болған жағдайда бақ ішіне немесе жалпы бөлмеге оңай апарып қоюға ыңғайлы болуға тиіс. Сырт киім үшін дәлізге киім ілгіш немесе шкаф орнатуға болады. Қабырғаларды, ағаш конструкцияларды, мебельдерді өңдеу үшін мөлдір түсті лактарды, ашық түсті майлы бояуларды, нитроэмальдарды пайдалану ұсынылады.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәліз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}