Дәлел оқу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәлел оқу - өлікті жөнелту салтында жүргізілетін рәсім. Қайтыс болған адамды кебіндеген соң, мәйітті шығарғанға дейін Құраннан аят аудару рәсімін Жетісу өңірінде дәлел шығару, дәлел өткеру, дәлел атқару, дәлел оқу деп атайды. Этнолог Нұрсан Әлімбай бұл рәсімнің атқарылу жоралғысын былай деп тарқатады: «...үйден шығарылмас бұрын ақ киізге оралып, төрдің оң жақ тұсына жатқызылған мәйітті қоршай отырған молдалар мен ауылдың сыйлы адамдары - ақсақалдар «дәуір жүргізу» жосын-жоралғысын атқарады: есікке әкелінген ірі қара малдың бұйдасын немесе аттың шылбырын алдын ала ескертілген адамға ұстатады. Бұл оның марқұмньің бұ дүниедегі қарызын өз мойнына жүктегендігі».

Дәлел оқу, әдетте өлікті үйден шығарар алдында атқарылады. Дәлел оқу қасиетті Құранды толықтай оқып шығумен бірдей деп саналады. Дәлел оқуға жиналғандар саны 25-30 адамға жетуі мүмкін. Құранды дәлелге жиналған 5-6 адам кезектесіп оқитын кездер де болған. Кейде мұны таспиығын тарта отырып, бір молда ғана жүзеге асыруы мүмкін.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәлел оқу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}